Астанада қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов тілші сауалына орай.

Әзірге Әлия Қожабаеваның не үшін ұсталғаны белгісіз.

Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бастапқы мән-жай анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін айтты.



Соңғы жаңалықтар