Астанада қосалқы электр станциялары мен жылумен жабдықтау нысандары салынып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан нысандар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қосымша тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысы бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Олар қалаға жылу, су, электр энергиясын және т.б. береді. Іске қосылған нысандар – «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылыту станцияларының, ЖЭО-3-тің бірінші кезегі арқасында қалада жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалаға 1100 Гкал/сағ астам қуат берді, – деп жазды елорда әкімі.
Дерекке қарағанда, қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін алдағы жылдары «Телман» жаңа газ жылу станциясы салынып жатыр. Қазіргі уақытта іргетасы мен қадалардың бітелуі бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде. Бұл жоба елордада тағы 80 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Телман» ГЖС құрылысы 2026 жылы аяқталады.
- Сол сияқты биыл құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл нысанның бірінші кезеңі 2023 жылдың күзінде аяқталып, пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, электр желілері бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Біз бірқатар қосалқы электр станциясының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, «Арай» қосалқы станциясы 96%-ға дайын.
Бұл жоба Астананы қуаттылығы 80 МВА болатын үздіксіз сапалы электрмен қамтамасыз етеді. Біз оны осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтаймыз, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, «Қазыбек» қосалқы станциясының құрылысы жүргіп жатыр. Бұл жоба Теміржолшылар елді мекенін қуаты 80 МВА болатын сенімді әрі тоқтаусыз электрмен қамтамасыз етеді.
Нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Қалада өмір сүру сапасы ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмысына байланысты.
Айта кетейік, Астана–Теплотранзит тұрғындардың жылу ақысының қымбаттығына қатысты шағымына түсінік берді.