Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Көші-қон полициясы 2013 жылы Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 8 мың адамды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД Көші-қон полициясы басқарамасының бастығы Гүлвира Дөненбаева әңгімелеп берді.

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда елордада уақытша 80 мыңнан астам шетел азаматтары тіркелген.

«Осы 80 мыңның 60 мыңы жеке сапар негізінде келгендерін айтқан. Сіздер түсінетін шығарсыздар, 60 мыңның барлығы бірдей қонақтау үшін емес, кейбірі ақша табу үшін де келуі ықтимал», - деді Г.Дөненбаева.