Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы басталды

АСТАНА.KAZINFORM – Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы басталды.

қоян-қолтық
Фото: Kazinform/Мұхтар Қалимоллаұлы

Байрақты бәсекеге Испания, Швейцария, Марокко, Үндістан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Египет, Румыния, Тунис, Германия, Қытай, Таиланд, Қазақстан сынды 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарысқа қатысушылар арасында әлем, Еуропа, Азия чемпиондары, әлем кубогының иегерлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.

қоян-қолтық
Фото: Kazinform

Әлем кубогын ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы.

Спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетеді.

Айта кетейік, жарыстың ресми ашылу салтанаты сағат 17:00–де өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандық балуандар күрестен әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар