Астанада ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуанық Бишімбаевтың Австрия өнеркәсіпшілер делегациясымен кездесуі болды

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуанық Бишімбаевтың австриялық өнеркәсіпшілер одағының президенті Вайтон Зоргер бастаған делегациясымен кездесуі болды. Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Кездесуде Қуандық Бишімбаев австриялық өнеркәсіпшілерді республиканың қазіргі және болашақтағы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы, Қазақстан мен Австрия арасындағы ықпалдастықтың даму бағыттарының мүмкіндіктері жайлы хабардар етті.

Австрия делегациясының құрамында OMV, Voestalpine, Strabag, Bertschgroup, Raiffeisen Bank сынды басқа да ірі австриялық экономикалық компаниялардың басшылары бар.

Баспасөз орталығының таратқан ақпаратында аталып өтілгендей, соңғы уақытта австриялық өнеркәсіпшілер одағы ТМД мемлекеттерімен ықпалдасуға мүдделі екендерін танытуда. Ресей, Қазақстан және Әзірбайжан ықпалдастық үшін бұл одаққа тиімді және жайлы мемлекеттер болып табылады.

Соңғы жаңалықтар