Астанада ҚР мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасында кадр даярлаудағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды
![None None](/static/img/plug.webp)
Қорғаныс ведомствосының басшысы Ордвей мырзаны лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның Қазақстанды жақсы білуі мен мол тәжірибесі екі ел арасындағы барлық саладағы, оның ішінде әскери-техникалық бағыттағы қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға өз үлесін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу барысында екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы келісілген бесжылдық ынтымақтастық жоспар аясындағы кадрлар дайындау, әскери білім беру жүйесін жетілдіру және басқа да салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың болашағы талқыланды.
«АҚШ әскерінің әртүрлі бағыттары бойынша озық тәжірибесін зерделеуге негізделген Әскери байланыстар жоспары аясында соңғы жылдары екіжақты шаралар санының айтарлықтай өскендігін айрықша атап өткен жөн. Үстіміздегі жылы 110-нан астам екіжақты шаралар жоспарланған. Америка Құрама Штаттары да, Қазақстан Республикасы да бір мақсатты көздейді. Ол - әскери ынтымақтастықты кеңейту және келіссөздер арқылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту болып табылады», - деді Әділбек Жақсыбеков.