Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов Ауғанстан Сыртқы істер министрі З.Расулмен кездесті

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов елімізге елордада өтетін ауған мәселесі бойынша Халықаралық байланыс тобының 12-ші отырысына қатысуға келген Ауғанстан Сыртқы істер министрі Залмай Расулмен кездесті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Екі елдің дипломатиялық миссиясының басшылары екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселерін, Орталық Азиядағы жағдайды қарастырып, алдағы уақытта өтетін іс-шараның күн тәртібі жайлы пікір алмасты.

Е.Қазыханов Қазақстан Ауғанстанмен сыртқысаясатта сенімді әріптесі екендігін атап, «Астана Кабулмен екіжақты және де көпжақты өлшемдердегі саяси байланыстың дамуына аса маңызды мән береді»,-деп айтып кетті.

«Қазақстанның энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік, транзиттік сауда және ауыл шаруашылығы саласындағы қомақты тәжірбиесі бар копаниялар ауған экономикасын дамыту бойынша келешегі бар жобаларға қатысуға дайын», - деді Е.Қазыханов.

Қазақстандық министрдің пікірінше, экономикалық салада өзара әрекеттесудегі ықпалды құралы болып қыркүйек айында Кабулда өткен сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Қазақстан-ауғандық үкіметаралық комиссиясы болып саналады.

Кездесу барысында қазақстандық министр ауған үкіметінің осы елдегі көп жылдарғы қан төгісті барлық тұрғандардың бейбіт өмірге қайта келу мен саяси күштер өкілдерімен конструктивті сұхбат орнату арқылы тұрақтандыруға бағытталған күштеріне қолдауын білдірді.

Ауғанстан Үкіметінің саяси және әлеуметтік-экономикалық саласындағы тәжірбиелік мақсаттарды шешуді айта келе, Е.Қазыханов ШЫҰ, АӨСШК, ОААҮО (Ортаазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіруші орталық) қосқандағы аумақтық ұйымдар шеңберіндегі жасалған құрылымдардың іске асырылу маңыздылығын айта кетті.

Кездесуде Ауғанстанның қайта қалпына келуіне бағытталған бір қатар гуманитарлық жобалардың жүзеге асырылуындағы ҚР-ның үлесіне қатысты соңғы екі жылда ауған студенттеріне білім беру бағдарламасының сәтті іске асуы, ҚР Үкіметінің арласуымен «Құндыз - Талуқан - Шерхан - Бандар» көлік жолдарын қалпына келтіру, сондай ақ, қалған екі нысана - мектеп пен аурухана жақын уақытта іске қосылатындығы айтылды.

Сонымен қатар, Е.Қазыханов «Қазақстан жыл сайын жанар-жағармай мен бидай өнімдерін бөлу жолдары арқылы Ауған Үкіметіне әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды еңсеруге белсенді түрде әрекеттесуге дайын. Қазіргі күні мемелекеттік органдар аталған мәселені қарастыруды бастады», - деп атап кетті.

Қазақстан Ауғанстанға белсенді түрде әрекеттесуді өсіруді өзінің ЕҚЫҰ төрағалығы барысында қабылдағаны белгілі. Бүгін Қазақстан «Үштік» мүшесі және 2011 жылы ЕҚЫҰ Азиялық әріптестрімен ынтымақтастық жөніндегі Байланыс топқа төраға негізінде, «Ауғанстанмен ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы күштердің көрінуі» құжаты негізінде ЕҚЫҰ-ның осы елмен өзара әрекеттесу бойынша жобаның толық дайындығы үшін шығуда.

Соңғы жаңалықтар