Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД мемлекеттерінің аумақтық Бюросының директоры К. Удовичкимен кездесті

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат. 14 қарашада Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД мемлекеттерінің аумақтық Бюросының директоры К. Удовичкимен кездесу өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы табысты ынтымақтастықты атап өткен әңгімелесуші тараптар, осы өзара әрекеттесуді бірге одан ары қарай дамытуға өз ниеттерін жеткізді.

Е.Қазыханов ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның бастамаларындағы ұқсастығын және Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан біріккен бағдарламалар мен жобалардың тиімді іске асуындағы өзара әрекеттесуі бойынша БҰҰ көрінуін атап кетті. 1993 жылдан бастап БҰҰ ДБ-мен бірге Қазақстанда 123 жобасы жүзеге асырылғаны, ал осы уақытта 30 жоба іске асу процесінде екендігі белгілі.

Әңгіме барысында Қазақстанның Алматы қаласын көп жақты дипломатияның субаймақтық орталығына айналдыру жобасы ҚР мен БҰҰ ынтымақтастығын жаңа сапалы дәрежеге жеткізуіне мүмкіндік берер еді деп атап өтілді. Осыған орай, отандық СІМ басшысы әңгімелесушіге, мемлекет тарапынан «Алматыда барлық халықаралық ұйымдардың аумақтық өкілдіктерінің өз қызметтерін сәтті жүргізілуіне және жайғасуға барлық жағдайы бар» деп сендірді.

Е.Қазыханов сондай ақ, Алматы қаласына БҰҰ-ның аумақтық орталығы бейресми мәртебесін беру - аумақтық және суб аймақтық жобалардың іске асырылуына, сонымен бірге, Орта Азия халықтарының гүлденуін көтеру мен аумақтық ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндіктер туғызар еді деген сенім білдірді.

Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-на ресми түрде қабылданды. БҰҰ-мен ынтымақтастық, мемлекеттің сыртқы саясатта басымды бағыты болып табылады. ҚР барлық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерімен белсенді түрде ынтымақтастықта.

Қазақстан 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына ниеттенуде.

Соңғы жаңалықтар