Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ЭЫҰ-ның Бас хатшысы М.Маруфимен кездесу өткізді
Кездесу барысында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан ЭЫҰ-ға мүше болған кезден бастап, әртүрлі форматтағы ынтымақтастық процестерінде өзін белсенді танытып, ұйымға мүше елдердің «ЭЫҰ-ның 2015 жылға дейінгі келешегі» атты бағдарлама құжатты жүзеге асыруға бағытталған бастамаларын тұтастай қолдап келеді деп атап өтті.
Баршаға мәлім болғандай, 2005 жылы Астанада қабылданған құжатта, әртүрлі 12 санатқа жататын, сонымен қоса сауда-саттық, көлік, энергия, өнеркәсіп және ауылшаруашылық ынтымақтастық мәселелері белгіленген болатын.
Бүгінде ЭЫҰ ортақ мақсаттарға жету үшін бірлескен күш-жігерді үйлестіруге ықпал жасайтын, айтарлықтай әлеуетке ие және жүзеге асыру барлық мүше елдердің ынтымақтастығына байланысты аумақтық интеграцияның басты кепіліне айналып отыр.
Е.Қазыханов Орталық Азияны гидроресурстармен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелеріне тоқтай келе, ЭЫҰ елдеріндегі су ресурстарын басқару жөнінде Орталық құру туралы біздің еліміздің қолдауын білдірді. Сонымен қатар, "жасыл экономикаға" және жаңа технологияға инвестициялар жаңа экономиканың негізін құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанның Сыртқы істер министрі ЭЫҰ-ның басшысын күзде Астанада өтетін «Еуропа үшін қоршаған орта» атты 7-ші министрлер конференциясында ұсынылатын 2011-2020 жж. арналған "Жасыл Көпір" өңіраралық бағдарламасын жүзеге асыру жолында Ұйым үлесін қосуға шақырды.
Сондай-ақ, Ержан Казыханов Шекті келісім бойынша транзиттік тасымалдар және, тұрақты контейнерлердің жіберілуі жолаушылар пойыздары іске асатын болса, ЭЫҰ шеңберінде өңіраралық сауда байланыстар жанданады - деп сенім білдірді.
Ұйымға кіретін барлық 10 мемлекет қазіргі таңда Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде Қазақстан төрағалық етіп отырған Ислам ынтымақтастық ұйымының мүшелері.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылған, 1992 жылдан бастап Қазақстан осы ұйымның мүшесі болып табылады.