Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай үздік инновациялық жоба анықталады

Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - мектепшілік, екінші кезең - инновациялық жобалардың тұсаукесері. Конкурс қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Инновациялық жобалар жаңалығы және жобаның инновациялық құрылымы; коммерциялық әлеуеті; өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы секілді критерийлер бойынша бағаланады.
Конкурстың негізгі міндеттері оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін мектеп жасынан дамыта отырып, зерттеушілік қызметке баулу, инновациялық және ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы қабілетті және дарынды балаларды анықтау, коммерциялық іске асыруға бағытталған инновациялық идеяларды дайындауға қолдау көрсету; қоғамдық инновациялық әлеуетті дамытудағы мәселелерге қоғам назарын аудару.
Іс-шараның мақсаты жастардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.