Астанада ҚР Үкіметі мен ИДБ тобы арасында Елдік Әріптестік Стратегиясының тұсауы кесілді

 АСТАНА.  2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «IDB Day» халықаралық конференциясы (Ислам Банкі Тобының күні) өтуде.
None
None

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев және Ислам Даму Банкінің президенті Ахмад Мұхамед Әли қатысуда.

Ислам Даму банкі Тобының Қазақстан мен ИДБ тобы арасындағы орта және ұзақ мерзімді әріптестіктің берік негізін орнату мақсатында тараптар 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстанмен Елдік Әріптестік Стратегиясына қол қойды. Бұл ТМД-да алғашқы рет іске асырылып отырған шара.

ИДБ тобының барлық субъектілерінің өнімдері мен қызметтерінің кең ауқымын қалың аудиторияға оның ішінде ҚР Үкіметіне, бизнес-қауымдастыққа және елде жұмыс істейтін халықаралық ұйымдарға таныстыру іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады.

Елдік Әріптестік  Стратегиясы (MCTS) -ҮИИД хабарламасы шеңберінде елдегі өз қызметін бекітетін ИДБ әріптестігінің жаңа моделі. ІДБ тобы көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы секторларын дамытуға және ауылдық аудандар мен шикізаттық емес салалар өнеркәсібін, ғылым мен технологияларды дамытуға, қаржы секторын, өңіраралық ынтымақтастықты әртараптандыруға жәрдемдесетін болады.

Бұдан өзге ИДБ тобы Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде Исламбанкингі мен қаржысы үшін институциональдық және реттеу ортасын жақсартуға ҚР Үкіметімен тығыз жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар