Астанада құқық қорғау органдары 1200-ден астам контрафактілік өнімдер тәркіледі

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елордада жедел іс-шаралар барысында Орталық базар мен «Артем» сауда үйінің аумағында контрафактілік дыбыс-бейне өнімін сатқан 4 орын анықталып,

Астанада құқық қорғау органдары 1200-ден астам контрафактілік өнімдер тәркіледі
DVD/CD форматындағы 1 213 диск тәркіленді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Әділет департаментінен хабарлады. Жедел іс-шаралар кезінде контрафактілік өнім таратқан 19 жастан асқан 4 азамат ұсталды. «Тәркіленген өнім және ұсталған тұлғалар ҚР қылмыстық-іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына жеткізілді», - делінген ақпаратта.