Астанада құқықтану негіздері бойынша І Республикалық олимпиада басталды

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат – Наурыздың 11-12-сінде Астанада Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ашылуының 15 жылдығына арналған құқықтану негіздері бойынша І Республикалық олимпиада басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Дарын» республикалық ғылыми-зерттеу орталығына сілтеме жасап. Олимпиаданы өткізудегі негізгі мақсат ? дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, оның ішінде олардың интеллектуалдық дамуына, кәсіптік бағдар алуына және білімдерін жалғастыруына ықпал ету болып табылады. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының он бірінші сынып оқушылары қатысуда. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтіп жатыр. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады, ал жеңімпаздар Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша оқуға мүмкіндік беретін білім гранттарына ие болады.
Соңғы жаңалықтар