Астанада құлап қалған құрылыс нысанының иесі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада құлап қалған құрылыс нысанының иесін анықтады, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астанада құлап қалған құрылыс нысанының иесі анықталды

«Құрылыс объектісінің иесі анықталды, қандай да бір құқық белгілейтін және рұқсат беретін құжаттарын ұсынған жоқ.  Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құрылыс иесі мен зардап шеккендердің арасында еңбек шарты жоқ екендігін анықтады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше, 1 тамызда сағат 19.40-тар шамасында Балқантау көшесінде салынып жатқан құрылыс нысаны құлады. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп («еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») жатыр.

Оқиға орнынан қалалық ауруханаға түрлі дене жарақатымен (1970, 1983, 2000 ж.т.) жастағы үш зардап шегуші жеткізілді.

Бүгін Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үйінді астынан құтқарылғандардың жай-күйін қатысты түсініктеме берді.