Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Шымкентте әкімдік жер учаскесін пайдалануға заңсыз берген
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды.

Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды.

«Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 25 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жаздық.