Астанада құрбан шалатын орындар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбан шалынатын орындар анықталды. Бұл туралы елорда әкімдігі Астана қаласының дін істері басқармасына сілтеме жасап жасап хабарлайды.

Астанада құрбан шалатын орындар белгілі болды

Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де Айт намазы оқылады.

Астана қаласында бекітілген орындарда 8.00-ден 18.00-ге дейін құрбан шалуға болады:

1. «Ұлжан» әмбебап базары, Сарыарқа ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары);

2. «Жайлау» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);

3. «Шанхай» базары, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);

4. «Шопан ата» базары, Байқоңыр ауданы, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);

5. «Баракат» базары, Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат.

Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

Құрбан айт күндері халыққа құрбан шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақыл-кеңес беретін 109 сall орталығы тәулік бойы жұмыс жасайды.