Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 24-30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

күрес
Фото: ҚР ҰОК

Бұл турнирге еліміздің барлық өңірінен және республикалық маңызы бар қалалардан шамамен 1000 балуан қатысады.

Айта кету керек, биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені кубоктың басты мақсаты — алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.

Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Астанада алғаш рет арбадағы теннистен ITF Futures Series турнирі өтеді.

Соңғы жаңалықтар