13:01, 18 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Астанада құрылыс компаниясы үлескерлерден 4 млрд теңге алып, үй салып жарытпаған
Елордада "R-Club" және "R-Club Deluxe" тұрғын үй кешендері үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Үлескерлердің 4 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалған.
Құрылыс салушы 2022 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлаған құрылыс бітпеген.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, қамауға алынды.
Жедел тергеу тобы құрылды.
Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталып жатыр.