Астанада құрылатын жаңа ауданның шекарасы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық мәслихат депутаттары қаланың жаңа ауданы Байқоңырдың шекарасын бекітті. Оның ауданы 18,1 га, ал халқының саны 211 мың болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.
None
None

Елорданың жаңа ауданы - Байқоңырды құру туралы баяндаманы  Астана әкімдігі аппаратының жетекшісі Берік Жакенов жасады.

Жаңа ауданның шекарасы Астана-Қостанай бағытындағы теміржолдан солтүстікке қарай қаланың қазіргі шекарасынан Ақбұлақ өзеніне дейін,  Ақбұлақ өзенін бойлай Қошқарбаев даңғылына дейін, Қошқарбаев даңғылынан Сауда көшесіне дейін, Сауда көшесінен 184 көшесіне (жобалық атауы) дейін созылады. Одан әрі Ақбұлақ өзенінен Ақбұлақ және Есіл өзендерінің түйісетін жеріне дейін барады. Есіл өзенінен Қараөткел көпіріне дейін, Бараев көшесінен Республика даңғылына, Республика даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін жетеді. Бұдан ары Бөгенбай батыр даңғылын бойлай Алаш тас жолына дейін, Алаш тасжолынан теміржолға дейін, теміржол бойымен қаланың батыс шекарасына дейінгі аумақты қамтиды.

«Аудан шекарасына ауданы 460 гектарды құрайтын қалалық зират та кіреді. Нәтижесінде жаңа ауданның аумағы 18,1 мың гектарды құрайды. Ал тұрғындарының саны 211,1 мың адам болады», - деді аппарат жетекшісі.

 

Соңғы жаңалықтар