Астанада құрылысшылар ауданын салу жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінде құрылысшылар үшін жеке ауданда баспана салу қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астана - құрылысшылар қаласы және ол құрылысшыларды баспанамен қамту өте өткір мәселе болып тұр. Бүгінгі таңда қалада құрылысшылар тұратын тұтас бір ауданды бөлу мәселесі қаралуда», - деді елорданың құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Ержас Айтуғанов.

Оның айтуынша, құрылысшылар қазір негізінен салынып жатқан нысандарда тұруға мәжбүр. Әдетте ол жерлерде құрылысшылар үшін уақытша жатын орындар салынады. Бүгінде санитарлық қызмет ол орындардың заң талаптарына сай немесе сай еместігін тексеріп жатыр.

«Біз қылмыс мәселесін бірден жабамыз. Құрылысшылар қалада арлы-берлі қаңғымайтын болады. Кешке дейін жұмыстарын істеп, таңертең қайта жұмыс орындарына оралады. Ірі нысандарда бұл мәселе сол жерде жатын орындарды салу арқылы шешілуде», - деп атап өтті ол.

Егер аталмыш ұсыныс қабылданатын болса, мемлекеттен еш шығын кетпейді.

«Бізге бюджет қаражатын шығындауға тыйым салынады, сондықтан біздің алдымызға  инвесторларды іздеу міндетін қояды», - деді Е. Айтуғанов. 

Соңғы жаңалықтар