Астанада күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының турнирі өтті

АСТАНА. KAZINFORM – 25-26 қыркүйекте елордада ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ұйымдастыруымен күштік құрылымдардағы FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race 2.0 турнирі өтті.

 турнир среди операторов FPV-дронов
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдануды дамытуға, оны киберспорт элементтерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, сондай-ақ бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталды.

 турнир среди операторов FPV-дронов
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Турнир сонымен қатар сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара әрекеттесуін, білім және тәжірибе алмасуын қолдауға арналды.

 турнир среди операторов FPV-дронов
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Бағдарлама ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығуды қамтитын екі кезеңнен тұрды. Жүлделі орындар үшін мемлекеттік күштік құрылымдардың FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынады.

Екі күндік сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

1-орын – ҚР МКҚ 1-командасы;
2-орын – ҚР МКҚ 2-командасы;
3-орын – ҚР ҰҚК «А» қызметі командасы.

 турнир среди операторов FPV-дронов
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының сайысы екінші рет ұйымдастырылды.

Алғашқы турнир биылғы сәуір айында өтіп, онда МКҚ, ҰҚК «А» қызметі және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрамалары жеңімпаз атанған болатын.

 турнир среди операторов FPV-дронов
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі

Айта кетейік, Қазақстандық оқушылар FIDA дрон-соккер бойынша әлем чемпионатына қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар