19:16, 13 Маусым 2025 | GMT +5
Астанада құтқарушылар Алаш тас жолындағы өртті сөндіріп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық құтқарушылар қоқыстың жануын сөндіріп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Астананың Байқоңыр ауданында Алаш тас жолы мекенжайында жинақталған қоқыс өртенген.

— Өрт орнына өрт сөндірушілер дереу келіп, өртті сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.


Осыған дейін Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы жаздық.