Астанада «Күзгі сыйлық» көрме-жәрмеңкесі ашылды

СТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада «Күзгі сыйлық» көрме-жәрмеңкесі ашылды.
None
None

Көрме директоры Дана Морозованың айтуынша, оған алыс және жақын шет мемлекеттерден, атап айтқанда Германия, Ресей, Украина, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Италия, Моңғолия, Түркия, Испания, Жапония елдерінен және Алматы мен Астана қалаларынан 70-ке тарта компания қатысуда.

Дәстүрлі болып кеткен көрмеде биыл да жылдағысындай алтын, күміс және бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдар, косметика, қолөнер заттары мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері, балаларға арналған тауарлар, үй, төсек жабдықтары, жиһаздар, кілемдер, гүлдер және кәдесый бұйымдары қойылған.

Көрме директорының айтуынша, Астана жұртына көбіне-көп зергерлік бұйымдар үлкен қызығушылық туғызады екен. Бүгінгі шарада 20-дан астам павильон зергерлік заттар ұсынып отыр.

«Мында былтырғы жылдармен салыстырғанда жаңашылдықтар өте көп. Көрмеде заманауи сауықтыру жүйелерін, жаңа технологиялық шешімдерді, зергерлік пен киім-кешек сәніндегі жаңа әлемдік үрдістерді көруге болады», деп атап көрсетті Д. Морозова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум