Астанада қылмыс көрсеткіші 20,2% төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың он айының қорытындысы бойынша астанада криминалдық ахуалға жасалған талдаудың нәтижесі қылмыстың 20,2% төмендегенін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап. 
None
None

Қылмыс 34 812-ден 27 795-ке дейін төмендеген. Оның ішінде көшелерде жасалған қылмыс -  24,2%, қоғамдық орындарда - 13,5%, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс - 2,1%. 

Қазіргі таңда полициялардың қоғамдық көмекшілері белсене жұмыс істеуде, олардың саны 858 азаматқа жеткен.   

2017 жылдың қорытындысы халықтың жергілікті полиция қызметінің жұмысына деген сенімі артқанын, қылмыстың азайғанын көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар