Астанада қылмыстық іздеудің 95 жылдығы аясында өткізілген спартакиадада Алматы ауданының ІІБ бас жүлдеге көлік алды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінде қылмыстық іздеудің 95 жылдығына орай салтанатты іс-шара болып өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталған мекеменің акт залында салтанатты жағдайда жедел бөлімнің үздік қызметкерлері бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Қылмыстық іздеу қызметкерлері қылмыспен күрестің алдыңғы шебінде жүріп, өздерінің мемлекет пен азаматтарды қорғау борыштарын адал әрі батыл атқарып келеді», - деді ІІД басшысы Амантай Әубәкіров.

Бұдан басқа, бұл күні Қылмыстық іздеу күнін мерекелеу қарсаңында өткен спартакиаданың қорытындысы шығарылды. Қалалық ІІБ аумақтық жедел қызмет қызметкерлері спорттың 6 түрінен бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте бірінші орынға Алматы ауданының жедел қызметкерлері, екінші орынға Сарыарқа ауданының ІІБ, үшінші орынға Есіл ІІБ тұрақтады. Жарыс жеңімпазы Алматы ауданының ІІБ бас жүлдеге көлік алды. Екінші және үшінші орындарға компьютер мен көп функционалды принтер берілді.

Бұдан басқа, мерекеге орай, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ардагерлермен кездесті. 3 қазанда А.Әубәкіров ішкі істер органдарының ардагері Алексей Васинды 99 жасқа келген туған күнімен құттықтады. Сонымен қатар, жедел қызметтің еңбек сіңірген ардагері Казис Жұлжыбаевпен кездесті. Ардагерлерге сыйлық ретінде теледидарлар берілді.

Соңғы жаңалықтар