Астанада қытай киносы фестивалі өтеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Астанада 2017 жылғы 7-18 маусым аралығында қытай киносы фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Астанада қытай киносы фестивалі өтеді

Фестивальдің ашылу салтанаты Назарбаев университетінде болады.

Қазақстандық көрермен назарына 6 кино жауһарлары ұсынылады, олардың үшеуі - Қытайдағы ең таңдаулы кинотуындылар, атап айтсақ Джеки Чанның қатысуымен түсірілген үнді және қытайдың бірлескен киносы «Кунг-фу йога» (Қытайда 18 млн юан - 2,63 млн доллар жинады), қытай-француз фильмі «Қасқыр тотемі» (7 млн юан, адамның жануарлармен байланысын көрсетеді, оқиға ҚХР Ішкі Моңғолия автономдық ауданында болған), «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз» (5,1 млн юан, Оскар-2015 кино сыйлығында Қытайды танытқан фильм).
Қалған үш картинаның танымалдығы жоғары емес, алайда оның да өз қазақстандық көрермендерге айтары бар. Мәселен, Өмірде болған оқиғалар желісімен түсірілген «Шынайы махаббат» фильмінде алты түрлі ұлттың 19 баласын асырап алған ұйғыр әйелінің өмірі баяндалады. Ал «Іле өзені» ара шаруашылығымен айналысатын отбасының өмірі жайлы айтылса, «Гүл» картинасында Қытайдағы қазақ әртіс қызының тағдыры көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі Әбу-Тәліп Аймахановтың мәлімдеуінше, болашақта Қытай және Қазақстан бірлесіп кино түсіру ісін қолға алмақшы.