19:21, 22 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Астанада LRT бағандарының бірі қисайып кетті
City Transportation Systems (CTS) компаниясы салынып жатқан LRT бағандары бірінің қисайып кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жан-жақты зерттеу барысында 1 тіректің жобаға сай келмейтіндігі анықталды. Осы себепті мердігер аталған тіректі бұзып жатыр. Одан кейін қайтадан салады. Шығын бас мердігер есебінен өтелетін болады», – деді аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.
Айта кетейік, Астанада құрылысы қайта жалғасқан LRT-ның қисайған бағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.