Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір рельс жолының 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды, деп хабарлайды CTS көлік компаниясы.

Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
Фото: CTS көлік компаниясы

Бұл көрсеткіш эстакадалық желінің жалпы ұзындығының 50 пайызын құрайды. Сондай-ақ шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары барлық учаскеде жүргізіліп жатыр. 

— Жобалық кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарының негізгі нысандары — «Нұрлы жол» теміржол вокзалы, Астана халықаралық әуежайы, Министрліктер үйі және Республикалық бас мешіт аумағында жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Осылайша, құрылыс және инженерлік жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Станция инфрақұрылымын жабдықтау және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін дайындау шаралары қолға алынған.

Айта кетейік, Астанадағы жеңіл рельсті көлік желісін сынақ режимінде іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Бұған дейін, Қытайдың Таншань қаласында Астана қаласына арналған LRT вагондарының алғашқы екі құрамы жіберілгенін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар