Астанада «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында жастар акциясы өтеді
Бұл туралы Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бүкіл Қазақстан халқын біріктіруші рухани күш болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - халқымыздың бүкіл құндылықтарының бірлігі. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын қуатты да, озық мемлекет атану. Қазақстанның Тәуелсіздік идеясы әрбір еліміздің азаматы үшін баға жетпес байлығы болып табылады. Астана - Тәуелсіз Қазақстанның елордасы, бұл Тәуелсіздігіміздің биік шыңы», - делінген хабарламада.
Аталмыш акция Қазақстанның әр өңірінде өтіп, «Қазақстан-2050» стратегиясын бірігіп жүзеге асыруға және Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын қолдауға шақырады. Аталмыш іс-шараға елорданың жас көшбасшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, зиялы қауымы, танымал өнер қайраткерлері, қазақ эстрадасының жұлдыздары және ЖОО-ның студенттерінің қатысуы жоспарлануда.