19:01, 19 Қазан 2024 | GMT +5
Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бойында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі
АСТАНА. KAZINFORM - LRT құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты Сығанақ көшесімен қиылысында Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

112-113 аралықта LRT құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарлануда.
Осыған байланысты 20 қазан күні сағат 23:00-ден 21 қазан күні сағат 06:00-ге дейін Сығанақ көшесінің қиылысындағы Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Осыған дейін Астанада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтетіні туралы жазған едік.