Астанада маршруттық автобус ұшыраған жол апатында 25-30 адам зардап шекті. Оқиғаның анық-қанығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ІІД әкімшілік полициясы Астананың сол жағалауында №10 маршруттық автобусымен болған ірі жол-көлік апатының анық-қанығы жайлы хабарлады.
None
None

«Автобус жүргізушісі Игорь Кобзев, 1964 ж. т., Медиаорталықтың қарсы бетінде орналасқан автобус аялдамасына шығып кеткен, содан кейін100-150 метрдей жүріп, тротуарға шыққан да көше декорациясына соғылған. Жүргізушінің айтуынша, көзі бірден қарауытып кеткен.

Ол жұмысын таңғы 5.30-да бастаған, оның алдында дәрігерлік тексеруден өткен. Машинаны механиктер тексерген, көлікте кінәрат болмаған»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Астана ІІД әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары Елжан Чупеков.

Е.Чупековтың айтуынша, шамамен 25-30 адам зардап шеккен, олардың 4-5-еуінің аяқ-қолдары сынған.

Соңғы жаңалықтар