Астанада мәслихат депутаттарын сайлау күні 26 сәби дүниеге келді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Астанада 26 сәби дүниеге келді. Қала тұрғындары сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатқанда, елорданың перзентханаларында ондаған отбасы сәби сүйіп, қуанышқа бөленді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 15-і – қыз, 11-і – ұл. Сайлау учаскелерінде дауыс беру өтіп жатқанда, елордалық отбасылардың шаңырағында нәрестелер дүниеге келді.
Елордадағы перзентханалардың дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған сәбилерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.
Астанада ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше мән беріледі. Қалада әйелдерге жүктілік және босану кезінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Алматы облысында сайлау күні 25 сәби дүниеге келді.