Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан судьяларының съезі басталды

АСТАНA. KAZINFORM – Бүгін елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезі басталды.

судья, суд, сот
Фото: Виктор Федюнин /Kazinform

Шараға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ заңгерлер қауымдастығы, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Жалпы 500-ден астам делегат пен форум қонақтары қатысып жатыр.

Айта кетейік, Судьялар съезі төрт жылда бір өткізіледі, яғни сот жүйесі мен судьялар қауымдастығының мәселелерін талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқандайтын маңызды алаң.

Еске салсақ, 2020 жылы Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. 

Соңғы жаңалықтар