09:08, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен елорданың 11 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралардың салтанатты ашылуы болады
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елорданың 11 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралардың салтанатты ашылуы болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан тарихының кезекті бір кезеңін білдіретін Астананың туған күнін салтанатты түрде атап өту игі дәстүрге айналды.
Астананың 11 жылдығы күні «Атамекен» мемориалы мемлекеттік рәміздер алаңы ретінде таныстырылатын болады.