07:50, 28 Маусым 2010 | GMT +5
Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді
АСТАНА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада «Назарбаев университетінің" салтанатты ашылу рәсімі болады және Мемлекет басшысының қатысуымен «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді.

Сондай-ақ Елбасының «Назарбаев университетінің» шетелдік стратегиялық әріптестері - жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесуі, Университет туралы декларацияға қол қойылуы және елімізде жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық нысандардың тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр.