Астанада мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен мемлекеттік қызмет саласындағы Астана өңірлік хабы ұйымдастырған семинарда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
None
None

Бұл туралы мемқызмет саласындағы Өңірлік хаб Басқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинарға Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Онда Басқарушы комитет төрағасы Ә. Бәйменов, Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов, ақпарат және коммуникция вице-министрі Сәкен Сәрсенов сөйледі. «Теңбе-тең» форматының тиімді институттар платформасы әдіснамасының мақсаттары туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымын дамыту мәселелеріндегі ынтымақтастық директоратының мемлекеттік басқару жөніндегі кеңесшісі Анна Пичинни айтып берді.

Семинарда Әзербайжан, Грузия, Қазақстан мемқызмет көрсету орталықтарын дамыту тәжірибелері мен Канаданың озық тәжірибесі көрсетілді. Қатысушылар мемқызмет көрсету барысында туындаған мәселелерді, оларды шешудің инновациялық жолдарын талқылады. Басқа қатысушы елдер арасында хаб арқылы тәжірибе алмасу тәсілдері айқындалды.

Шара хабқа қатысушы елдердің практикадан өтіп жатқан мамандарына «теңбе-тең» қағидаты бойынша тәжірибе, білім алмасу үшін платформа құру мақсатында жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар