Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 4 маусымда, елде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Осыған орай қалалық әкімдік ауқымды бағдарлама дайындауда, деп хабарлады «Бәйтерек» медиа-орталығы.
None
None

Бүгін Астанада «Қазақстан оқушылары патриотизм жайында» шығармалар жинағының таныстырылымы өтеді. Бұл кітапта оқушылар шығармаларының республикалық байқауы аясында дайындалған үздік шығармалар жарияланды. Байқаудың негізгі тақырыптары: Мәңгілік ел, Қазақстанның мемлекеттік символдары, елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі, егеменді елдің өткені, бүгінгісі және болашағы, Отанға деген махаббат болды. Оқушылар көпұлтты елдің дәстүрлері, олардың теңдігі, толеранттылық пен мәдениалуандылығы жайлы жазды.

Осы күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Астан қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары бойынша комиссиясының отырысы өтеді.

4 маусымда Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары - Тәуелсіз елдің негізі» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Конференцияның басты мақсаты - қазақстандық патриотизмді құру, мемлекеттік символдарды және қазақстандық патриоттың кейпін насихаттау.

Осы күні бірқатар қызықты шаралар өтеді. Оның ішінде «Патриотизм толқынында» жастардың патриоттық акциясы бар. Шара барысында флешмоб ұйымдастырылады, оған 500 адам қатысады.

Есіл өзенінің жағалауында өтетін шараға атақты ақындар - Серікзат Дүйсенғазы, Қалқаман Сарин және жас ақындар қатысады. Концерттік бағдарламаға талантты және атақты әншілер, ҚР мәдени қайраткерлері Анар Мұздыханова, Кұрмаш Маханов, Нұрболат және Анар дуэті, Бибігүл Егізова және т.б. қатысады.

«Патриотизм толқынында» акциясы «Менің Қазақстаным! Менің Астанам!» мерекелік акциясына ұласады. Ол «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді.

Астана тұрғындары мен қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары - Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, «Бәйтерек» тобы, «Ақселеу» дуэті, «Арлан» тобы, «Z» триосы, студенттік көктемге қатысқандар, әлемдік аренада көкбайрағымызды желбіреткен спортшыларымыз өнерін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар