Астанада мереке күні орталық касса жұмыс істемейді — CTS

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы Республика күні мерекесі және демалыс күндері, 25, 26, 27 қазанда Орталық касса жұмыс істемейді. Бұл туралы City Transportation Systems мекемесі хабарлады.

City Transportation Systems
Фото: City Transportation Systems

— 28 қазанда, сейсенбіде касса кестеге сәйкес жұмыс істейді. Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде осыны ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Касса Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан. Сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін (соңғы талон сағат 17:45–ке беріледі) үзіліссіз жұмыс істейді.

Осыдан бұрын Республика күні Астанада қандай шаралар өтетіні туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар