Астанада мешіттен аяқ киім ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды

ұрлық
Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Елорда тұрғыны аяқ киімінің ұрланғанын айтып полицияға арызданды. Өзінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу құны 30 мың теңге тұратын кроссовкасын ұрлап кеткен.

«Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында бейнебақылау камераларына түсіп қалған 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Видеодан оның сөре жанындағы аяқ киімге қарап тұрғанын көруге болады. Өзіне ұнаған аяқ киімді таңдап киіп, мешіттен шығып кеткен. Ер адам кінәсін мойындады», — дейді Астана қаласының полиция департаментінен.

Қазір ұрының басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береміз», -дейді полициядан.

Соңғы жаңалықтар