Астанада мүгедектер арбасын шығаратын еліміздегі алғашқы шағын зауыт ашылды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар шығаратын зауыт ашылды.
None
None
Зауыттың ашылу рәсіміне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш кәсіпорын елорда әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанның мүгедектер филиалының» және «Майра» неміс фирмасының арқасында іске қосылып отыр. Мұнда әзірге 15 жұмыс орны құрылды. Мүгедектер жұмыс істейтін зауытта жылына 10-15 мүгедектер арбасын шығару жоспарлануда.Инвестордың пікірінше, өндірістік желіні кезең-кезеңмен іске асыру керек. Алғашқысы ? мүгедектер арбасын жинау, ал екіншісі ? мүгедектер арбаларының бөлшектерін дайындау, содан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жобаның тағы бір міндетті шарты ? ұжымға жүру құралдарын жөндеу техникасын үйрету.«Мен аталмыш кәсіпорынды құру қиын болғанын білемін. Бұл зауыт біздің еліміз үшін өте маңызды. Біз мүгедектер арбасын шығаратын шағын зауытты аша отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларын шешуде алғашқы жүйелі қадам жасадық», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов.Бердібек Сапарбаев өз кезегінде, Астанада 5 мың мүгедек тұратынын айтып: «Жалпы алғанда, біздің елімізде аталмыш көрсеткіш 470 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың 70 пайызы еңбек ете алады. Мен мұнда 15 адам жұмыс істесе де, зауыттың бір өзгешелігі ? ерекше санатты адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде деп ойлаймын», - деді.
Соңғы жаңалықтар