Астанада мүгедектердің атына заңсыз автонесиелер рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атынан заңсыз автонесиелер рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді.

Астана бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Тергеу барысында алаяқтар азаматтарды әртүрлі тәсілдермен көндіріп, екінші деңгейлі банктерде шын мәнінде жоқ автокөліктерге несие рәсімдегені анықталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген материалдық шығын көлемі 250 миллион теңгеден асты.

Прокуратура мәліметінше, алынған қаражатты қаскүнемдер жеке қажетіне жұмсаған, ал жәбірленушілер несиелік міндеттемелер бойынша қарызға батқан.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің:

  • 262-бабы – ұйымдасқан топты құру және оған қатысу,

  • 190-бабы – алаяқтық
    бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, іс сотқа жолданды.

Айта кетейік, Астанада Перизат Қайраттың соты басталды.

Соңғы жаңалықтар