Астанада мүлікті қасақана бүлдірген 20 адам жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жыл басынан бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 13 адам қамауға алынды, 7 адамға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынды. 

Астанада мүлікті қасақана бүлдірген 20 адам жауапқа тартылды
Фото: видеодан алынған скрин

Мысалы, астаналық тұрғын ағымдағы жылдың 14 ақпанында бала арбасын қасақана зақымдағаны үшін сотпен 20 тәулікке қамаққа алынып, ол өз әрекетімен 30 мың теңгеге шығын келтірді.

Басқа жағдайда 44 жастағы ер адам мас күйінде кафе есігінің әйнегін сындырған. Ол 5 тәулікке қамалды.

Ұқсас жағдай 11 қаңтарда, астаналық 21 жастағы азаматша «Toyota» автокөлігінің алдыңғы есігін қасақана зақымдаған. Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

— Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай заңсыз әрекеттері үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылатынын ескертеді, — делінген хабарламада.

Айта кектелік Астанада вандализм жасағаны үшін шамамен 3 мың адам жауапқа тартылған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум