Астанада мұнаралы кранның машинисі мерт болды

кран
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада мұнаралы кран машинисі биіктен құлап қайтыс болды. Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы краннан төменге түсіп келе жатқан. Абайсызда құлап қалып, ауыр жарақаттары салдарынан жан тапсырды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады ведомстводан.

Аталған бапқа сәйкес, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қостанайда краншының өліміне жұмыс беруші кінәлі деп танылған болатын.
 

Соңғы жаңалықтар