Астанада нан бағасы қымбаттамайды

АСТАНА. 18 қазан.  ҚазАқпарат - Елордада нан мен ұнның бағасы қымбаттамайды. Күзде жиналған алтын дән республиканы астықпен қамтуға жеткілікті. Елорданың ресми сайтының мәліметінше, бұл туралы Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Далабаев мәлім етті.
None
None

Осы жылы ел Үкіметінің Тұрақтандырма қорынан Астана қаласына үшінші сұрыпты 57900 тонна (айына 4825 тонна) астық бөлінген.

«Қазіргі уақытта нан бағасы шарықтап кетпес үшін Үкімет тарапынан шара қолданылуда. Еліміздің Тұрақтандырма қорынан 1,3 млрд тонна астық бөлінді. Бұл дегеніміз, 2012 жылдың тамызынан 2013 жылдың тамызына дейін баға бір қалыпта болады деген сөз. Демек, Астана тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ», дейді М. Далабаев.

Нан мен ұн бағасын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі 5 бидай өндіретін кәсіпорынмен, 30 наубайхана және 17 қоғамдық сауда орындарымен меморандум жасасқан. Меморандумға сәйкес нан бағасы 50 теңгеден аспауы керек. Сонымен, әзірге Астана қаласы бойынша формалы нан - 50 теңге, бірінші сұрыпты ұн - 86 теңге. Ал жоғары сұрыпты ұн 114 теңгеден 134 теңгеге көтерілген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум