Астанада НАТО-ның «Роуз - Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинары ашылды

None
None
ың 26 cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында НАТО-ның «Роуз - Рот» Парламенттік Ассамблеясының «Орталық Азияның аймақтық қауіп қатерлері: қоршаған ортаны қорғау, экономиканы дамыту, азаматтық қоғам құру» тақырыбындағы 71- ші семинары ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Роуз -Рот» семинары 1990 жылы АҚШ Конгресінің депутаты және сол тұста НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясының төрағасы болған Чарли Роуз бен АҚШ сенаторы Бил Роттың қолдауымен өмірге келген. Аталмыш шараның мақсаты - Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде Парламенттік демократияны әрі қарай дамыту болып табылады. «Өткен жылы семинар Бакуде өткен болатын. Онда Каспий теңізі аумағындағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Ал бүгін ұйымдастырылып отырған 71-ші семинарға срапшылардан басқа үкіметтік емес ұйымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда. Семинар барысында 3 сессиядан тұратын күн тәртібінде Орталық Азия аймағында қоршаған ортаны қорғау, экономиканы дамыту және азаматтық қоғам құруға қатысты пікір алмасылатын болады», деді ҚР Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар