Астанада Наурыз мерекесіне орай тақия кестелеуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанада Наурыз мерекесіне орай тақия кестелеуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Елордалық креатор, қолөнер шебері Нұргүл Ялымова мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың аналарына арнап тақия кестелеу бойынша шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Қатысушылар сәндік-қолданбалы өнер дәстүрлерімен танысып, өз қолымен ұлттық бұйым жасап көрді.

Іс-шара барысында балалар мен ата-аналар кесте тігу әдісін үйреніп, ою-өрнектердің мәнімен танысты.

Астанада Наурыз мерекесіне орай тақия кестелеуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұйымдастырушының айтуынша, жобаның басты мақсаты — ұлттық дәстүрлерді сақтау, шығармашылық қабілетті дамыту және ерекше балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету. 

Креатор мұндай қайырымдылық шығармашылық сағаттарын мектептерде, қарттар үйлерінде және ауруханаларда да тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Осыған дейін Қазақстан мектептерінде ерекше назарды қажет ететін балаларға педагогикалық сүйемелдеу енгізілетіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар