Астанада неміс және француз компанияларының түзеу мекемелері объектілері құрылысының таныстырылымы өтті - ҚР ІІМ
Пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту аясында арнайы контингентті камера бойынша ұстауға мамандандырылған жаңа түзеу мекемелерінің құрылысын салу мәселесін шешу қажет.
Нәтижесінде республикамыздың барлық аумақтарында шамамен 25 түзеу орынын салу көзделуде, ол дәл қазіргі жағдайда мемлекеттік бюджеттен үлкен қаражатты талап етеді.
Бұл мәселені шешуде ІІМ заңнамада белгіленген тәртіпте жеке инвсторларды тартуды ұсынады, әсіресе концессия схемасы бойынша, қазіргі таңда ол АҚШ, Франция, Ұлыбритания және басқа да елдерде іске асырылған.
Осыған байланысты 1 қазанда Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Е.Ә. Кененбаевтің, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың, ІІМ қызмет басшыларының, Қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің, «МЖС-нің қазақстандық орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен неміс «ДОРШ-ГРУПП» және француз «Винси Констрюсьон Гран Проже» компанияларының түзеу мекемелерінің объектілерінің құрылысы жөніндегі таныстырылымы өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар түрлі елдердегі түзеу мекемелері құрылысының жобаларымен танысты, қаржыландыру, құрылысты жобалау, басқару, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы түзеу мекемелері аумағында өндіріс орындарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Кездесуде қатысушылар тәжірибемен алмасып, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті кеңейту бойынша жаңа ұсынымдарды зерделеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.