Астанада ноғай суретшісінің көрмесі өтеді
![None None](/static/img/plug.webp)
Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, көрмеге ресейлік суретші-график Әлібек Қойлақаевтың туындылары қойылады, сонымен қоса суретші көрме соңында келген қонақтарға графика өнерінен арнайы шеберлік дәрісін өткізеді.
Әлібек Қойлақаев - ноғай ұлтынан шыққан суретші. Краснодар Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің түлегі. Өзінің жылдар бойғы еңбегі мен білімінің арқасында суретші өзінің жеке әдісін жетілдірген: сурет салу кезінде Әлібек қауырсын мен тушь қолданады.
2016 жылы Әлібек Қойлақаев Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Ескішехир қалаларында өзінің жеке көрмелерін өткізген болатын.
Бұған дейін суретші бүкілресейлік, республикалық форумдарға, іс-шараларға қатысып, Мәскеу (2010 ж.), Махачкала (2010-2012 жж.), Санкт-Петербор (2011 ж.), Ставрополь (2012-2013 жж.), Пятигорск (2010-2013 жж.) қалаларында жеке көрмелерін өткізген.