Астанада «нөлдік төзімділік» акциясы өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Госман Жакиннің хабарлауынша, елордалық полицейлер «нөлдік төзімділік» акциясын орындау мақсатында елорданың қоғамдық орындарында темекі тарту және алкогольді сусындарды пайдалану, қоқыстарды тастау және т.б.секілді 80 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.
None
None

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Халық арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордалық полицейлер сот органдарымен бірлесіп әкімшлік құқық бұзушылыққа жол берген тұрғындарға қатысты ашық отырыстар жүргізеді.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын «нөлдік төзімділік» принципін ұстануға шақырады және құқық бұзушылық фактілер анықталған жағдайда 102 телефонына немесе Қазақстан Республикасы аумағында істейтін ІІМ біріңғай сенім телефоны - 1402-ге хабарласуға шақырады. Сондай-ақ, тұрғындар Астана қаласының ІІД ресми веб-сайтына фото немесе видео дәлелдемелерді қосымша ретінде тіркеп, өтініш жібере алады.

Соңғы жаңалықтар