Астанада «Нұр Отан» ХДП «Алматы» аудандық филиалының есеп беру -сайлау конференциясы өтті

Онда филиалдың 2009-2010 жылдардағы жұмыс қорытындысы сарапталып, келер жылдарда атқарылар міндеттер айқындалды.
Филиалдың биылғы жылғы бас жиынында ауданның бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар, қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібіне орай, партияның ішкі қызметін, бақылау-тексеру комиссиясының есебін, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қоғамдық-саяси,әлеуметтік жұмыстарын және партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын қарастырды.
Қаланың «Алматы» ауданы филиалының төрағасы Абай Байгенжиннің айтуынша, партияның 2020 жылға дейінгі даму бағытының басты басымдықтарының стратегиялық негізіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан-2020» даму бағдарламасында және еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасында белгіленген міндеттер жатқызылып отыр.
«Бағдарламада партиялық жұмыстың саяси, идеологиялық және ұйымдастырушылық қызметтері пысықталып, Партияның 2020 жылға дейінгі жұмысының негізгі кезеңдері анықталып отыр»,-дейді А. Байгенжин.
«Бүгінгі таңда партияның негізгі міндеті - партияның 2020 жылға дейінгі Стратегиясының тиімді орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттің саяси өміріндегі басым рөлін сақтай отырып, елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолында аянбай қызмет ету»,-деді баяндамасында А. Байгенжин.
Конференцияда филиалдың саяси кеңесі мен тексеру комиссиясының жаңа құрамдары сайланды.